«Әкеңнің көлігі бар ма?»: Полиция бөлімшесіне арыз жазуға барған алматылық таяқ жеп, айыппұл арқалаған

Арыз жазып тұрғанша бір мәшинемен шығып қуып жетсек, сол адамды ұстап аламыз" деп айтып едім, "Әкеңнің көлігі бар ма?" деді. Менің бар кінәм "Сенің әкеңнің көлігімен қумаймыз ғой" деп айттым.

«Әкеңнің көлігі бар ма?»: Полиция бөлімшесіне арыз жазуға барған алматылық таяқ жеп, айыппұл арқалаған
559

Алматыда ұялы телефонын ұрлатып алған азамат, арыз жазуға барып тәртіп сақшыларынан оңбай таяқ жеген, деп хабарлайды turkystan.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Нұрғабыл Шажабаев түн ортасында қаладағы кафелердің бірінен шыққан кезде бейтаныс азаматтың қоңырау шалу үшін оның телефонын сұраған. Ойында ештеңе жоқ ол оан телефонын берген бетте әлгі жігіт телефонды алып тұра қашқан. Нұрғабыл бірден тәртіп сақшыларына барып қарақшының жолын кесуді сұрамақ болғанда кезекші полицейлермен сөзге келмей қалса керек.

Нұрғабыл ШАЖАБАЕВ, Алматы облысының тұрғыны:

– Воротасынан кіріп кеттім, ешкім мені сопроваждать еткен жоқ. Кіріп кеттім, ішке кірсем бәрі ұйықтап жатыр екен. Сол менің даусымнан оянды. "Арыз жазып тұрғанша бір мәшинемен шығып қуып жетсек, сол адамды ұстап аламыз" деп айтып едім, "Әкеңнің көлігі бар ма?" деді. Менің бар кінәм "Сенің әкең машинесімен қумаймыз ғой" деп айттым. Сол жерден құлағаннан кейін дереу жедел жәрдем шақырыпты. Бірақ жарақаттың ауыр еместігін айтып олар кері кетті дейді. Ал ертесінде Талғар аудандық ауруханасына барып қос қабырғамның сынғанын білгенін жеткізді.

Екі қабырғасы сынып, есінен танып қалған жігіт полицейлердің мұндай әрекетіне наразы. Тіпті құзырлы орган өкілдерімен болған жағдай үшін сот кінәлі деп танып 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды дейді.

Нұрғабыл ШАЖАБАЕВ, Алматы облысының тұрғыны:

– 2 қабырғам сынды және арқы жақ бүйірлерімнен барлығын соққылап тастаған ғой. 11-і күні арыз жаздым мені ұрып соқты деп. Олар 13-і күні менің ар-намысыма тиді деп арыз жаған. Осындан кейін қос тарап арасында сот процессі өткен.  Нұрғабыл Шажабаев мені ұрып-соққан бейнебақылау камерасындағы жазбаны тәртіп сақшылары бермей отыр деп наразы. Ал 28 маусым күні бұл оқиғаға қатысты сот үкімі шығыпты.

ҚР Жоғарғы соты сот кабинетінен:

– ҚР ҚК 378-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалсын. Сонымен бірге 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 18 460 теңге жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілсін.

Мұндай шешіммен келіспеген Нұрғабыл Шажабаев апелляциялық шағым түсіріпті. Ал қалалық полиция департаменті әзірге бұл жағдай туралы жауап бермеді. Даудың басына түрткі болған қалта телефонын тәртіп сақшылары екі күннен кейін тауып иесіне қайтарған екен.

Серіктес жаңалықтары