Антикор алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті

Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді.

Антикор алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті
istockphoto.com
659

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және басқа да байланыс арналары) арқылы жалған аккаунттар құратын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалуды жүзеге асыратын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін жеке тұлғалар тарапынан алаяқтық әрекеттер туралы азаматтарды ескертеді.

Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді. 

«Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Аталған хабарламаларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары