Астананың бас санитар дәрігері вакцина салудың маңызын айтты

Астананың бас санитар дәрігері вакцина салудың маңызын айтты
gov.kz
539

Ата-аналардың өз балаларын егуден бас тартуы астаналықтардың көп инфекция жұқтыру және сырқаттанғандар санының өсуіне алып келеді. Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астананың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Биыл 6 айдың қорытындысы бойынша Астана қаласының тұрғындарын иммундаумен қамту мониторингінің деректері бойынша 1 жасқа дейінгі балаларды дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге, гемофильді инфекцияға, полиомиелитке, пневмококкты инфекцияға, 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің дифтериясына және сіреспеге қарсы екпелермен жоспарлы қамту ісі жүргізілді.

«Нәтижесінде биыл 6 айда көкжөтелдің 435 расталған жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 417 (көрсеткіш – 100 мың тұрғынға шаққанда 30,5), 2023 жылы көкжөтелдің 5 жағдайы тіркелді, өсім 82 есе. Аурудың негізгі себебі 54% немесе 234 жағдайда ата-аналардың көкжөтелге қарсы профилактикалық егуден бас тартуы себеп болды», – дейді Сархат Бейсенова.

«Өткен жылы наурыз айынан бастап елордада қызылшамен сырқаттанғандар саны көбейді. Биыл 6 айда қызылшаның 1541 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1059 жағдай, өсім 12 есе, сырқаттанғандардың ішінен қызылшаға қарсы 1069 адам егілмеген», – дейді бас санитар дәрігер.

«Осыған байланысты, департамент әлеуметтік желілерде вакцинация туралы көрінеу жалған ақпараттың таралуына мониторинг жүргізеді және медициналық ұйымдармен бірлесіп, мұндай мәлімдемелерге жедел ден қояды. Сондықтан түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 2472 ата-ана вакцинацияның маңызын түсініп, балаларын ектірді, оның ішінде биыл 623-і бұрын вакцинациядан бас тартқан болатын. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7 есе жоғары, түсіндіру жұмыстарынан кейін тек 80 бала егілді», – дейді С.Бейсенова. 

Серіктес жаңалықтары