Жамбыл облысында қатты желден 3 адам ауруханаға түсті

1 науқастың жағдайы ауыр, екеуі үйіне қайтарылды.

Жамбыл облысында қатты желден 3 адам ауруханаға түсті
istockphoto.com
533

Қатты жел мен жаңбыр салдарынан Қордай ауданында болған жағдайды зерделеу мақсатында жұмысшы топ ауылдық округтерді аралап жүр.

Таулы жерлерде көлбеу су ағыны болды. Дегенмен, жеке аула аумақтарын, тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелмеді.

«Табиғи сипаттағы қатты дауыл салдарынан аудандық орталық ауруханаға 3 азамат қайырылды. 1 науқастың жағдайы ауыр, екеуі үйіне қайтарылды. «Береке» шаруа қожалығының 671 бас ұсақ малы мен 10 бас жылқысы суға ағып кеткені бойынша ақпарат расталмады. Қазіргі таңда ағын су салдарынан 6 бас ешкі, 1 қой, 1 бұзаудың өлексесі анықталды. 10-15 үй мен қора жайдың шатырлары ұшқан. Мал шығындары қосымша зерделеніп жатыр. Соғанды ауылында желдің жылдамдығы 45 м/с дейін жеткен. Ағын су салдарынан «Соғанды-Бетқайнар» автожолындағы көпір бүлінген. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметінің күшімен бекет қойылып, жол жүру қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шұғыл арада сметалық құжаттама әзірленетін болады. Соғанды ауылы бойынша 15 тұрғын үй және қора жайлардың ұшып кеткен шатырларын, "Beeline" ұялы байланысының мұнарасын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Қордай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары