444
СҚО-да мас күйінде көлік жүргізген әкім қызметінен қуылды
Экс-әкім өзіне тағылған айыппен келісіп, кінәсін мойындады.
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық округтердің бірінің экс-әкімі Сәкен Сәдуақасов 27 қаңтар күні мас күйде рөлде отырған жерінен ұсталған.
Оны 15 тәулікке қамау туралы үкім шыққан. Алайда шенеунік уақытша еңбекке жарамсыз екенін айтып, демалысқа шығып кеткен. Ол күйзелістің салдарынан омыртқасындағы сырқаты асқынып кеткенін айтқан.
Сондықтан ақпан айында басталған тәртіптік іс бес айдан кейін қаралды. Экс-әкім өзіне тағылған айыппен келісіп, кінәсін мойындады.
Нәтижесінде әкім қызметінен кетті.