«Айналамның бәрі шибөрі»: Әбдіжаппар Әлқожа бостандыққа шыққаннан кейін жазба жариялады

Бейнежазбада темір жол бойында отырған өнер иесінің киімін өртеп жатқанын көруге болады.

«Айналамның бәрі шибөрі»: Әбдіжаппар Әлқожа бостандыққа шыққаннан кейін жазба жариялады
instagram
978

Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 тәулікке қамалған әнші Әбдіжаппар Әлқожа желіде жаңа видео жариялады.

Бейнежазбада темір жол бойында отырған өнер иесінің киімін өртеп жатқанын көруге болады. Соңында шоу-бизнес жұлдызы қарбызды жарып, артынан оны жеп келе жатады. 

Күйін кештім мен бүгін!

Көкбөрілердің жаралы.

Адым сайын аңдыған

Қақпаннан сирақ қанады.

Арландарым атылып

Бөртелер кезді даланы,

Айналамның барлығы

Шибөрі болып барады.

 

Балақтан тартқан әр итке көңіл бөлсең сапарыңнан қаласың!!!, – деп жазып қалдырды әнші.

Айта кетейік, видеода әншінің өртеп жатқан киімі оның ұсталған сәтіндегі бейнежазбадағы киіміне ұқсайды. 

Серіктес жаңалықтары