Геннадий Головкин рингке қайта оралуы туралы пікір білдірді

Мен үшін өмір – уақыт мәселесі: ыңғайлы мүмкіндік туындап жатса, шаршы алаңға қайта оралуым мүмкін.

Геннадий Головкин рингке қайта оралуы туралы пікір білдірді
Olympic.kz
560

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында шаршы алаңға қайта оралу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен зейнет жасында емеспін. Отбасыммен бақытты сәттерді өткеріп жатырмын. Менің жаңа қызметім бар, алайда спортпен шұғылдануды тоқтатқан емеспін, себебі одан ләззат аламын, ал спорттағы мансабымның аяқталғаны туралы ешқашан жариялаған емеспін. Мен үшін өмір – уақыт мәселесі: ыңғайлы мүмкіндік туындап жатса, шаршы алаңға қайта оралуым мүмкін», - деді боксшы.

Еске салсақ, Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізді – бұл оның мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (61-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегі болды, онда қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліске ұшырады. Содан бері Головкин рингке шыққан жоқ. Кейін ол Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып сайланды.

Серіктес жаңалықтары