Ақын Алмас Темірбай журналист Дина Төлепбергенге ескерту жасады

Белгілі ақын Алмас Темірбай танымал тележүргізушіні сынға алды.

Ақын Алмас Темірбай журналист Дина Төлепбергенге ескерту жасады
1353

Дина Төлепберген ақын Алмас Темірбайдың "Рахмет саған, ана" атты өлеңін оқып, әлеуметтік желіде видео жариялаған. Алайда оған алғыс білдірген автор, бірнеше ескерту жаза кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

"Өлең авторы ретінде айтарым, дұрысы, "Рахмет саған, мама" емес, "Рахмет саған, АНА". Қазақ болған соң "Ана" дегеніміз дұрыс. Атам қазақ сүтті биелерді ғана "мама бие" деген. Мама - орыстың түсінігі, совет заманында енген сөз. Біріншіден, автордың сөзін өзгертуге болмайтынын жақсы білесіз. Мысалы, Абайдың, Мұқағалидың өлеңін әр оқыған адам бір-бір сөзін өзгерте берсе, өлеңнің не жаны қалады?  Екіншіден, бұл елге танымал өлең болған соң оқырмандардан жекеме хаттар келіп жатыр, "Өлеңіңізді өзгертіп тастапты" деп. Сондықтан, коммент жауап жазуға тура келді. Айып етпеңіз. Үшіншіден, журналист болған соң, білесіз, әрбір ақпаратқа фактчетинг жасап, интернеттен оригинал нұсқасын қарауыңыз керек еді. Әттең, бір кем дүние...", - деп жазды ақын.

Серіктес жаңалықтары