«150 миллион теңгені өзім төледім»: Қыдырәлі Болманов маңызды хабарлама жасады

Айтқым келгені, Үкіметтен бір тиын алған жоқпын. Концерт жасау ешқашан арзан болып көрмепті

«150 миллион теңгені өзім төледім»: Қыдырәлі Болманов маңызды хабарлама жасады
ашық дереккөз
679

Биыл – «Ұлытау» этно тобының құрылғанына 25 жыл. Осыған орай продюсер Қыдырәлі Болманов Астанада топтың жеке шығармашылық кешін өткізбек.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлады.

«Жақында «Ұлытау» тобының мерейлі мерекесіне арналған «мега-шоу» «Ұлытау ұлы» жаңа концертін жақында тамашалайсыздар! «Нағыз қазақ – домбыра» дегендей, «Ұлытау» да – домбыра. «Ұлытау» – мәдени мұра. Дәстүрлі күйлерімізді әлемге насихаттаған бірден-бір мықты креативті «құрал». Этно-рок форматы», – дейді продюсер.

Продюсер бұл концертке жұмсаған шығын көлемін де айтып өтті.

«Техникаң ай болса, көңілің де жай болады. Ұлттық домбыраның концерті болған соң, жауапкершілік үлкен! Аманат арқалаған соң бірде-бір қате жіберуге қақымыз жоқ. 150 миллион теңгені қаржыны өзім көтердім. Айтқым келгені, Үкіметтен бір тиын алған жоқпын. Концерт жасау ешқашан арзан болып көрмепті», – дейді Қ.Болман.

Серіктес жаңалықтары