Бұрынғы енесінің алтын бұйымдарын ұрлаған Астана тұрғыны ұсталды

Нақтырақ айтқанда, алқа, жүзік, екі сырға және екі жүзікті қолды қылған.

Бұрынғы енесінің алтын бұйымдарын ұрлаған Астана тұрғыны ұсталды
сурет: istockphoto.com
443

Астана тұрғыны бұрынғы енесінің алтын бұйымдарын ұрлаған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

22 жастағы әйел бұрынғы енесінің үйінен құны 1 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды ұрлаған. Нақтырақ айтқанда, алқа, жүзік, екі сырға және екі жүзікті қолды қылған.

Полицияға хабарласқан егде әйелдің айтуынша, бұрынғы келіні ұлымен ажырасқан соң, балаларға қонаққа келген. Ол әр келген сайын үйден алтын бұйымдарды алып кетіп, ломбардқа тапсырып отырған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Нұра ауданының полицейлері ұрлық жасаған келіншекті анықтап, қамауға алды. Ол кінәсін мойындап, ұрланған заттар иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды және бағалы заттарды оңай қол жететін жерлерде қалдырмауды ескертеді, - деп жазылған ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары