Астана-Милан тікелей рейсі іске қосылды

Енді елордалықтар Италияның Милан қаласына 7-8 сағатта бара алады.

Астана-Милан тікелей рейсі іске қосылды
istockphoto.com
284

Астана-Милан бағыты бойынша әуе рейстері іске қосылды. Енді елордалықтар Италияның Милан қаласына 7-8 сағатта бара алады.

Қазақстандықтар Италия еліне бір табан жақындай түсті. Алғашқы рейс бір апта бұрын ашылды. Осыған дейін тек Алматы-Милан бағыты бойынша жолаушылар тасымалданатын еді.

Жыл басында мемлекет басшысы Италиялық әуе компанияның президентін қабылдаған еді. Кездесуде екі ел арасындағы әуе қатынастарға сұраныстың жоғары екендігі, Миланға рейстерді көбейту туралы мәселелер талқыланды. Бұл Қазақстан мен Италия арасындағы сауда-экономикалық байланысты арттырып, туризмді дамытады деді мемлекет басшысы.

Жыл соңына дейін Астана-Рим бағыты бойынша рейстер ашылады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, алдағы уақытта қазақстандықтар Ақтаудан Индия еліне Италия арқылы қатынай алады.

Серіктес жаңалықтары