Биылғы 14 шілдеде жоспарланған Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михаилович арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды, деп хабарлады turkystan.kz.
"Жәнібек Әлімханұлы ресми салмақ өлшеу рәсімінен өткенімен, су құрамын қалыпқа келтіріп үлгермеді. Салдарынан есінен танып құлаған. Бүйрегіне зақым келмеген", - деді Жәнібектік менеджері Эгис Климас.
Айта кетейік, боксшы бірден Spring Valley госпиталінің медициналық орталығына жеткізілген.