«Қандай жақсылық, қандай жүрек десеңші!»: Марқұм Бейсен Құранбекті әріптесі еске алды

Журналист әріптесінің есте қалған асыл қасиеттері жайлы сөз қозғады.

«Қандай жақсылық, қандай жүрек десеңші!»: Марқұм Бейсен Құранбекті әріптесі еске алды
Сурет: ult.kz
672

Журналист, продюсер Әлия Құдайбергенова марқұм Бейсен Құрбанбектің жақсы қасиеттерін елдің есіне салды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Баяғыда Бейсен ағаны көп адам тойына, қуанышына, шығармашылық кешіне, түрлі тұсаукесер рәсімдеріне шақыратын еді ғой. Бәрі бірдей жоғары деңгейде өте бермейді, ол заңды да. Сонда ағаның мықтылығы сол, біреуін де соңынан сөз қылып, кекетіп-мұқатып, кемсітпейтін. Тыжырынбайтын. Өсектемейтін. Айтар сыны болса, кеңесі болса, ретін тауып, жанына тимей жеткізетін. Бастысы, ағаның жанашарлығы жүрекке жететін. Қандай жақсылық, қандай жүрек десеңші! Бейсен ағаның өзгелерден артықшылығы да сол еді, жанының көркемдігі де сол еді. Өзіне қарата айтылған теріс пікір, құйтырқы сөзге мән де бермейтін, қатты көңілі қалғаны сол: “Жарайды енді, өзі білер де” дейтін, болды! Біреу қадірлеп жақсылығына шақырса, сәт өтпей жатып сыпсыңдағандарды көріп, жаның ауырады. Жаман ба, жақсы ма, адамның бәрі сенің деңгейіңде ойлануы, сенің биігіңде іс қылуы мүмкін емес қой. Жанашырлық деген бар! Ол қасиет екінің бірінде болмайды екен-ау?! Негізі елдік, ұлттық деңгейде ойлану дегенің, әуелі осындай тіршіліктегі адами іс-әрекеттен басталады»,- деп еске алды продюсер.

Серіктес жаңалықтары