«Айка тізімі»: эскорт-бизнесін ұйымдастырған қыз апелляциялық шағым түсірді

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша, іс жабық түрде қаралады.

«Айка тізімі»: эскорт-бизнесін ұйымдастырған қыз апелляциялық шағым түсірді
instagram
562

«Айка» лақап атымен танылған блогер, эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша, іс жабық түрде қаралады.

«Іс жақын арада Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясында қаралады, процесс жабық түрде өтеді», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Еске салcақ, мамырдың соңында Алматы сотында Айкаға қатысты үкім шыққан болатын. Ол есірткі тарату және жеңгетайлық бойынша кәнілі деп танылып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайласы 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған еді. Бұған дейін Ішкі істер министрлігі интернетте тарап кеткен «Айка тізімі» ісімен қазір Антикор айналысып жатқанын хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары