БҚО прокуратурасы 800 мың теңгеге былғарыдан жасалған киімге тапсырыс берген

БҚО прокуратурасы мемлекеттік сатып алу сайтында жоғары офицерлік құрамға арналған былғары плащты жеке тігу бойынша қызметті сатып алу туралы хабарландыру жариялаған.

БҚО прокуратурасы 800 мың теңгеге былғарыдан жасалған киімге тапсырыс берген
istockphoto.com
454

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы 800 мың теңгеге былғары плащқа тапсырыс берген, деп хабарлады turkystan.kz сайты «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу сайтында жоғары офицерлік құрамға арналған былғары плащты жеке тігу бойынша қызметті сатып алу туралы хабарландыру жариялаған.

«Тапсырыс беруші – «Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы» ММ; Қосымша сипаттама – жоғары офицерлік құрамға арналған былғары плащ тігу (жеке тігу); саны – біреу; жоспарлы сома – 800 мың теңге», – делінген сатып алудың сипаттамасында.

Басылым мәліметінше, техникалық сипаттамада плащ мемлекеттік әділет кеңесшісі үшін тігілетіні айтылады. Тек нағыз былғарыдан, жүні бар, қара түсті болуы керек. Оған погондар, түймелер, шеврондар қажет. Өлшемдер жұмыс орнында – БҚО прокуратурасының ғимаратында алынуға тиіс.

Байқауды астаналық «Камода» ЖШС жеңіп алды. Ашық мәліметтерге сәйкес, бұл - ерлер костюмдері мен жалпы киім тігуге маманданған елордалық ателье.

Серіктес жаңалықтары