Елімізде екі аптада 117 қылмыскер ұсталған

Бұдан бөлек хабар-ошарсыз кеткен 98 адамның орналасқан жері анықталды.

Елімізде екі аптада 117 қылмыскер ұсталған
Сурет: www.istockphoto.com
516

Екі апта ішінде ІІМ жедел бөліністері іздеуде жүрген 117 қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен 98 адамның орналасқан жерін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысының Зеренді кентінің маңындағы орман алқабында тіркелмеген мылтықпен жергілікті тұрғынды атып өлтірген ер адам ұсталды. Таразда 18 жастағы ауыл тұрғыны құрықталды. Ол топтық төбелес кезінде басқа фигуранттың аяғына атқан. Қызылордада бөтен үйге кіріп, ондағы екі тұрғынды ұрып-соғып, пышақпен жарақаттап, алтын сырға мен ұялы телефон ұрлап кеткен ер адам ұсталды. Күдікті бұрын сотты болған. Жетісу облысында да  қылмыскер құрықталды. Ол Алматы облысындағы кәсіпорындардың бірінің аумағына кіріп, күзетшіні ұрып-соғып, оны тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 62 млн теңге көлемінде ақшаны иемденген.

– Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, – деді ведомствода.

Серіктес жаңалықтары