Байқоңыр ғарыш айлағында 3 шетелдік турист ұсталды

9 шілде күні үш еуропалық азамат ғарыш айлағына заңсыз кірген.

Байқоңыр ғарыш айлағында 3 шетелдік турист ұсталды
istockphoto.com
380

Байқоңыр ғарыш айлағына заңсыз кіруге тырысқан Еуропадан келген үш турист ұсталды. Бұл туралы Shot Telegram-арнасы мәлім етті.

9 шілде күні үш еуропалық азамат ғарыш айлағына заңсыз кіріп, Байқоңырдың монтаждау және жанармай құю кешеніне дейін жеткен. Оларды патрульдік полиция қызметкерлері байқап қалған.

Ұсталғандардың екеуі 25 және 29 жастағы Нидерланд азаматы, енді біреуі 26 жастағы Бельгия азаматы. Шетел азаматтарының ғарыш айлағына еш қатысы жоқ және Бойқоңырға кіруге мүмкіндік беретін рұқсат қағаздары да жоқ болып шықты. 

«Шетелдіктер әзірге нысанға рұқсатсыз кіргені үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – деп жазды арна.

 

Серіктес жаңалықтары