«Ордабасы» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойында жеңіске жете алмады

Ойын тең нәтижемен аяқталды.

«Ордабасы» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойында жеңіске жете алмады
Сурет: sports.kz

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы матчта молдавиялық «Петрокуб» командасымен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz.

Қарсылас командалар екі таймда да бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Осылайша, кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Келесі кезеңге кімнің өтетіні 17 шілдеде Молдовада өтетін қарымта ойында анықталады.