Елімізде Ұлттық кітап күні аталып өтеді

Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне тиісті толықтырулар енгізілді.

Елімізде Ұлттық кітап күні аталып өтеді
istockphoto.com
394

Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне тиісті толықтырулар енгізілді.

Құжат 22 мамырға дейін қоғамдық талқылаудан өтті. 23 сәуір Ұлттық кітап күні аталып өтеді.

Бұл жаңа мерекелік дата Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық Құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына байланысты пайда болды.

Серіктес жаңалықтары