Қостанайлық шенеунік мердігерден 9 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталды

Күдіктінің дәрігерлік амбулаториялар салуды жүзеге асыратын компанияның бас инженерінен заңсыз сыйақы алғаны анықталды.

Қостанайлық шенеунік мердігерден 9 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі
330

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау жолымен орындалған жұмыстар актілеріне және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар салуды жүзеге асыратын компанияның бас инженерінен 9 000 000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алғаны анықталды.  

Тергеу әрекеттері барысында күдікті қолма-қол ақша алу кезінде ұсталды.

Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1% - құрайды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды. 

Серіктес жаңалықтары