Оралда екі бала терезеден құлап кетті

Бір бүлдіршін қайтыс болды.

Оралда екі бала терезеден құлап кетті
Сурет: www.istockphoto.com
611

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі екі жағдайдың да 7 шілдеде болғанын растады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Сағат 22.50-де 5-ші қабаттағы терезеден 5 жасар бала құлап, жарақаттарынан сол жерде қайтыс болған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті ведомство.

Сол күні сағат 13.11-де 4 жасар ұл баланың үшінші қабаттан құлап кеткені тіркелген. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген бала травматология бөлімшесіне жатқызылған. Оның жағдайы орташа деңгейде ауыр деп бағаланып отыр. Қазір ол қажетті ем алып жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары