Әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген елордада жеке концерт беретінін мәлім етті. Бұл туралы Қазақстанның халық әртісі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүниежүзінің 100-ден астам мемлекетінен түрлі сайысқа қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшылар келеді деп жоспарланып отыр. Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «ДимашАли» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана аренада» менің Stranger атты жеке концертім өтеді», - деп жазды ол.
Өнер иесі билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері жарияланатынын және өзінің ресми парақшаларына назар аударып жүруді ескертті.