«Бүкіл әлемге танымал»: Алмас Кішенбаев екінші әйелі туралы

Әйгілі «Superstar KZ» жобасының жеңімпазы Алмас Кішкенбаев сахнаға қайта оралмақ.

«Бүкіл әлемге танымал»: Алмас Кішенбаев екінші әйелі туралы
instagram.com/a.kishkenbaev
13313

Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен әнші Алмас Кішкенбаев журналист Анна Данченконың YouTube-тағы арнасына берген сұхбатында жеке шығармашылығы мен өмірі туралы айтты.

Алмас Кішкенбаев танымал продюсер Ерлан Әлімовпен бір айдан бері жұмыс істеп жатқанын, шығармашылыққа қайтадан бет бұрғанын айтты.

«Ерлан секілді директорды іздеп жүргенмін. Бір күні интернетте Ерланмен сөйлесіп қалдым. Осындай адам іздеп жүргенімді айтқан едім, «Мен бармын ғой» деді. Содан басталып кетті. Ол да музыкант, әнші. Зирузаның продюсері болған. Зирузаны мықты көтерді ғой», – дейді әнші.

Сонымен қатар, әнші сұхбат кезінде жеке өміріне тоқталып, соның ішінде екінші рет үйленгеніне қатыстысты сұраққа жауап берді.

«Ол адам белгілі ортада, өзінің айналасына танымал және өзінің саласы бойынша бүкіл әлемге танымал. Осымен осы тақырыпты жауып қояйық», – дейді әнші.

Серіктес жаңалықтары