466
«Шекарадан өтпек болған»: Балалардың бетіне бұрыш баллонын шашқан жасөспірім ұсталды
Күдікті Қазақстан мен Ресей шекарасынан өтпек болған.
Ақтөбеде Қазақстан мен Ресей шекарасынан өтпек болғанда балаларға шабуыл жасады деген күдікпен жасөспірім ұсталды.
Оқиға 6 шілдеде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан жасөспірімнің балалардың жанына келіп, бұрыш баллонын сепкенін көруге болады.
«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Ақтөбе облысының полицейлері күдікті жасөспірімді ұстады», – делінген хабарламада.
Полиция мәліметінше жасөспірімді бұзақылық дерегі бойынша іздестірген.
Еске салсақ, бұған дейін балаларға бұрыш баллонын шашқан жасөспірім іздестіріліп жатқаны жайлы хабарлаған болатынбыз.