Алматыда кәуәпхана өртеніп кетті

Құтқарушылар өртті сөндірді

Алматыда кәуәпхана өртеніп кетті
Видеодан алынған кадр
485

Алматыда кәуәпхана өртеніп кетті, деп жазады turkystan.kz.

Құтқарушылар өртті сөндірді.

"Бүгін таңертең Бостандық ауданындағы мейрамхана аумағында 30 шаршы метр жерде жеке тұрған кәуәпхана жанып кетті", - делінген хабарламада.

ТЖМ күштері жақын орналасқан нысандарға өрттің таралу қаупін қысқа уақыт ішінде жойды. От шақырту түскен сәттен бастап 17 минут ішінде ауыздықталды.

"Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары