619
Шымкентте ер адам жасөспірімді аяусыз ұрған
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте ер адам жасөспірімді "тәрбиелеймін" деп аяусыз ұрған, деп жазады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті.
Кадрларда күзетшіге немесе полицейге ұқсайтын ер адам жасөспірімді ұстап алып, ұрысып, ағашпен ұрып, кейін ішінен екі рет ұрып жібергені көрінеді. Осы кезде жасөспірім: "аға, кешіріңіз! Ойбай! Кешіріңіз, өтінемін!" - дейді.
"Мына кісіге мылтық берсе балаларды атып тастайды", - деп жазылған видео жазбасында.
Шымкент Полиция департаменті өкілдері бұл оқиғаға пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілі.