Петропавлда тасқыннан зардап шеккендерге жаңа 51 үй пайдалануға берілді

Бұдан бөлек тасқыннан зардап шеккендерге баспана сатып алу жұмыстары да жүргізіліп жатыр

Петропавлда тасқыннан зардап шеккендерге жаңа 51 үй пайдалануға берілді
СҚО әкімдігі
525

Петропавлдағы «Бірлік» шағын ауданында бой көтерген жаңа 51 үй тасқыннан зардап шеккен отбасыларға берілді, деп жазады turkystan.kz Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, бүгін пайдалануға берілген үйлер «Қазақмыс» корпорациясының қаржысына салынды. Корпорация барлығы 100 үйдің құрылысын қаржыландырды. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен корпорацияның басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев петропавлдықтар - Бауыржан Амиров, Александр Михайленко және Сергей Тараденковтың шаңырағына барып, қоныстоймен құттықтады. 

«Бүгінгі таңда «Бірлік» шағын ауданында 151 отбасы жаңа үйге қоныстанды. 549 үй әлі салынып жатыр. Олар құрылыс кестесіне сай аяқталады. Жұмыс сапасына құрылыс компаниясы мен техникалық бақылау тікелей жауапты. Құрылысшылар жаңа үйлерге екі жыл кепілдік береді. Ақаулар анықталса, өз есебінен оны жояды», - деді Ғауез Нұрмұхамбетов

Бұдан бөлек тасқыннан зардап шеккендерге баспана сатып алу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 605 отбасы пәтер кілтіне ие болды.

Серіктес жаңалықтары