610
Елімізде Астана есімді қанша адам тұрады?
Мұндай есімі бар қазақстандықтарды Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кездестіруге болады
Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады, деп жазады turkystan.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, бұл есімді адамдардың басым бөлігі ерлер - 17 адам.
Мұндай есімі бар қазақстандықтарды Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кездестіруге болады.
Сондай-ақ Астана атауын қамтитын өзге де есімдер бар. Бұлар - Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.