Биыл білім гранттарының 4 пайызы қандастарға беріледі

Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген, оның ішінде 549 грант немесе 4%-ы қандастарға арналған.

Биыл білім гранттарының 4 пайызы қандастарға беріледі
Pixabay
433

Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан азаматтығын алмаған ұлты қазақ адамдарға арналған квота туралы ақпарат жариялады. 

Қандас квотасы — 4%. Яғни, жалпы бөлінген гранттың 4 пайызы қандастарға беріледі. 

Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген, оның ішінде 549 грант немесе 4%-ы қандастарға арналған.

«Бұл квота бойынша грант конкурсына қатысу үшін қандастар ұлты (қазақ) көрсетілген шетел төлқұжатын ұсынады. Атап өтсек, қандастар үшін грант конкурсына қатысуға ҰБТ-ның шекті балы бекітілмеген», - деп ескертеді орталықтан.

Серіктес жаңалықтары