Астанада отшашу болады

Отшашу Елорда күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңына байланысты ұйымдастырылмақ.

Астанада отшашу болады
Сурет: www.gov.kz

3 шілдеде Ботаникалық бақта салют іске қосылады. Отшашуды іске қосудың болжамды уақыты сағат 22:00-ден 22:30-ға дейін, деп жазды turkystan.kz.

"Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботатинкалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде «Ұлытау» скверінің аумағынан байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарлануда. Дрондар шоуының шамамен өтетін уақыты сағат 22:15-те (22:30)", - деп жазылған елорда әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.