411
Бали аралындағы жол апатына себепкер болған қазақстандықтар іздестіріліп жатыр
Сыртқы істер министрлігі оқиға туралы әзірге ешқандай ресми ақпарат түспегенін мәлімдеді.
Бали аралындағы жол апатына себепкер болған қазақстандықтар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Балидің ақпарат көздері жазған. Оқиға бірнеше күн бұрын түнгі сағат 2-де болған.
Мопед жүргізген екі жігіт мас болған және олардың көлік жүргізуге құқығы болмаған. Олардың бірі кетіп бара жатқан көлікті соғып, айнасын сындырған. Осыдан кейін екеуі де оқиға орнынан қашып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, екеуі де Қазақстаннан келген туристер.
Сыртқы істер министрлігі оқиға туралы әзірге ешқандай ресми ақпарат түспегенін мәлімдеді.