Азамат Сатыбалды өмірдегі өкінішін айтты (ВИДЕО)

Актердің өмірде екі өкініші бар.

Азамат Сатыбалды өмірдегі өкінішін айтты (ВИДЕО)
Сурет: /www.instagram.com/azamatc/
497

Актер Азамат Сатыбалды әлеуметтік желіде марқұм анасы мен әкесін жайлы жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

"Бүгін әкемнің өмірден өткен күні. Осыдан төрт жыл бұрын, дәл осы күні кешкі сағат сегіздерде әкем бізбен қоштасты. Жандарыңыз жәннаттық болсын асқар тау әкешім, аяулы анашым. Дүниеде әкеңе еркелеуден асқан бақыт бар ма? Көп нәрсе жазғым келеді, бірақ сағыныш деген сезім алқымдап тұншықтырып тұр. Әке-шешең өмірден өткенде екі өкініш қалады. Біріншіден, "неге жақсылық жасамадым?", екіншіден,  "жасаған болсам, неге бұдан да көп жақслық жасамадым екен?" деген… Ата-анасы мына өмірде барлар, қандай бақыттысыңдар. Бағалаңдар. Жақсы көріңдер. Беттерінен қайта-қайта сүйіңдер. Сыйлық жасаңдар. Жағдайын сұраңдар. Көңілдерін көтеріңдер. Барынша батасын алыңдар. Бақыт батада", - деп жазды ол.

 

Серіктес жаңалықтары