Орал қаласында жоғалып кеткен студент үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Мәлімет бойынша, Жеткерген Жамбылов 27 маусым күні сағат 08.30-да «Құрылысшы» шағынауданы 30-үй 10-пәтерден шығып кеткеннен оралмаған

Орал қаласында жоғалып кеткен студент үш күннен бері іздестіріліп жатыр
instagram.com/typicaluralsk

Орал қаласында жоғалып кеткен 21 жастағы студент үш күннен бері іздестіріліп жатыр, деп жазады turkystan.kz БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, Жеткерген Жамбылов 27 маусым күні сағат 08.30-да «Құрылысшы» шағынауданы 30-үй 10-пәтерден шығып кеткеннен оралмаған.

Ерекше белгілері: азиат пішіндес, бойы 165-170 см, арықша келген. Үстіне қара толстовка, сұр түсті шалбар, аяғына қара кроссовка киген. Қазіргі кезде іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оған БҚО департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Жігітті көрген, хабары бар адамдар болса, 102 телефонына қоңырау шалуы сұралады, - деп хабарлады ведомстводан.