«Дәрігерлер «өлесің» деді»: Жұлдызай Дүйсенбиева қандай дертпен ауырғанын айтты

Өнер иесінің айтуынша, сырқаты өзіне түсініксіз болып, көпке дейін нақты диагноз қоя алмаған.

«Дәрігерлер «өлесің» деді»: Жұлдызай Дүйсенбиева қандай дертпен ауырғанын айтты
Скриншот/YouTube
382

Актриса, әнші Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергені жайлы айтты. 

Өнер иесінің айтуынша, сырқаты өзіне түсініксіз болып, көпке дейін нақты диагноз қоя алмаған. 

«Бұл бір түсініксіз ауру болды өзі. Дәрігерлер бұл жаман ауру деді. Басымның артқы жағынан түйін шықты, екінші бас сияқты болып тұрды. Мен ол уақытта түсірілімде жүрдім, басым ауырып бастағанда бірден үзіліс алып, үйден шықпай жаттым. Мен көпке көрсетіп, жылап, одан хайп жинағанды жақтырмаймын. Бірақ мен қатты уайымдадым, өйткені маған дәрігерлер «өлесің» деді. "Болды, өлесіз, құлақтың артынан бірнәрселер жиналған» деп әбден қорқытты», – деді актриса. 

Өнер иесінің айтуынша, ажалдан арашалап қалған әртістің дәрігер достары көрінеді. 

«Аллаға шүкір, нейрохирург Асқар деген досым бар. Күн демей, түн демей, кез келген уақытта көмектесетін достарымның қатарында. Өзі арнайы Алматыға ұшып келіп, қарап, бір аптада емдеп шықты. Ешқандай ота жасамады. Ауруды дұрыстап түсіндіре алмаймын, оны өзі дәрігерлердің тілімен айту керек. Бірақ қазір жағдайым жақсы, бірден жазылып, қайта жұмысқа шықтым», – деді актриса.

Серіктес жаңалықтары