Соңғы уақытта өмірім тіпті ауыр болып кетті – бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек

Жәнібек соңғы уақытта өмірінің қиындап кеткенін айтады

Соңғы уақытта өмірім тіпті ауыр болып кетті – бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек
Видеодан скриншот
424

Біршама уақыттан бері туған анасын іздеп жүрген бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында жан сырын ақтарды. Ол соңғы уақытта өмірінің қиындап кеткенін айтады, деп жазады turkystan.kz.

Құрметті қазақстандық әке-аналар, аға-әпкелер. Өздеріңіз білетіндей, менің өмірім туғалы қиындыққа толы, бірақ, соңғы уақытта тіпті ауыр болып кетті.

Бұл кезең маған бір кішкентай дүниеге, шынымен маңызды нәрсеге қуанып, сол азғантай қуаныштан ләззат алуды үйретті. 
Мысалы: қуаныш, достық немесе ұмытылмас әдемі сәттер.

Менің ең жақын досым Португалияда тұрады. Мен биыл сәуірде досыма қонаққа барған едім, бұл өте керемет демалыс болды! - деп жазған ол.

Серіктес жаңалықтары