Тағы бір оқушы ҰБТ-да 140 балл жинады

Ержанова Айым тестілеудегі барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинаған.

Тағы бір оқушы  ҰБТ-да 140 балл жинады
Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы мектебінің оқушысы Ержанова Айым ҰБТ-дан 140 балл жинады, деп хабарлады turkystan.kz порталы  Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

 

Ержанова Айым тестілеудегі барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинаған.

«Дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі пәндерін талдадым. Осы орайда ата-анама және ұстаздарыма алғыс айтамын. Алла қаласа, Еуразия ұлттық университетінен екі шет тілі мамандығын таңдап отырмын», - дейді Ержанова Айым.