«Жер аманаты»: ҚазҰУ жері толығымен мемлекетке қайтарылды

Енді 10 қабатты бизнес орталығын Тимур Құлыбаевтың компаниялары КазҰУ университетіне беруі тиіс.

«Жер аманаты»: ҚазҰУ жері толығымен мемлекетке қайтарылды
istockphoto.com
477

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жері толығымен мемлекеттік меншігіне өтті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, «Жер аманаты» республикалық жер комиссиясы аясында Алматы қаласы жер ресурстарын басқару департаментінің талап арызымен КазҰУ-дың заңсыз кеткен жері іс сотта қаралған.

Бақытжан Базарбек Алматы әкімдігінің 2007 жылғы қаулысы мен бірқатар сатып алу-сату шарттары 2024 жылы Алматы қаласы мамандандырылған экономикалық соты шешіміне сәйкес заңсыз деп танылғанын мәлім етті.

Міне бүгін Алматы қаласының апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдырып, КазҰУ-дың көлемі заңсыз 0,7168 га жерінің (кадастрлік нөмірі: 20-313-009-029) қаулысы мен сатып алу сату шарттарын заңсыз деп таныды, – деді ол.

Енді 10 қабатты бизнес орталығын Тимур Құлыбаевтың компаниялары КазҰУ университетіне беруі тиіс. Мұны Мәжілістің жалпы жиналысында мәжілісмен бас прокурорға үндеу жасағанда ескерткен.

Серіктес жаңалықтары