«Ауылдасына пышақ сұққан»: Бас прокуратура Кореяда жасырынып жүрген күдіктіні экстрадициялады

Аталған тұлға 2022 жылдың наурыз айында Түркістан облысының Сауран ауданында ауылдасымен жанжалдасып, артынан төбелеске ұласқан.

«Ауылдасына пышақ сұққан»: Бас прокуратура Кореяда жасырынып жүрген күдіктіні экстрадициялады
Бас прокуратура
458

Бүгін Бас прокуратура мен ІІМ Интерполының қызметкерлері 2 жыл бұрын Түркістан облысында ауылдасын өлтіруге оқталып, кейін Кореяда жасырынып жүрген күдіктіні елге экстрадициялады.

«Аталған тұлға 2022 жылдың наурыз айында Түркістан облысының Сауран ауданында ауылдасымен жанжалдасып, артынан төбелеске ұласқан.

Төбелес барысында күдікті қарсыласының кеуде тұсынан бірнеше рет пышақ сұққан. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды», - делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Корея Республикасының аумағында жасырынып жүрген және ағымдағы жылдың маусым айында сонда ұсталған. 

Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Айта кету керек, күдіктіні экстрадициялау Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірлеген Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы 2003 жылғы 13 қарашадағы ұстап беру туралы шарттыңболуының арқасында мүмкін болды.

Серіктес жаңалықтары