Биыл Астана күні қалай тойланады?

Астана қаласы әкімдігі елорда күні қалай атап өтілетінін жариялады.

Биыл Астана күні қалай тойланады?
istockphoto.com
401

Елорда күнін атап өту үшін 100-ге жуық түрлі іс-шара жоспарланған. 

"Іс-шаралардың басым бөлігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін", - деп жазылған елорда әкімдігі хабарламасында.

Сонымен қатар, 6 шілде - Астана күніне орай дрон шоуы ұйымдастырылады. Шоу демеушілік қаражат есебінен жасалады.

"26 маусымнан 4 шілдеге дейін аппаратураның техникалық жай-күйі мен қабілетін тексеру үшін техникалық тұрғыда ұшырылады. Соңғы суретті елорда тұрғындары мен қонақтары 6 шілдеде ЭКСПО аумағында көреді. Уақыты туралы қосымша хабарланады", - деп жазылған мәліметте.

Серіктес жаңалықтары