438
Алматы облысында 3 ай бұрын жоғалып кеткен қыз әлі табылған жоқ
Бүлдіршінді іздеуге полицейлер мен еріктілер, қала тұрғындары түгел атсалысып жатыр.
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында жоғалып кеткен 3 жастағы қыз әлі табылған жоқ. Ол 17 наурызда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлады turkystan.kz Астана арнасына сілтеме жасап.
Бүлдіршінді іздеуге полицейлер мен еріктілер, қала тұрғындары түгел атсалысуда. Тікұшақ пен дрон да жұмылдырылды. Алайда, баланы көрдім деген бір адам жрқ. Қазір Алматы облыстық Полиция департаменті із-түзсіз жоғалып кеткен Айя Софияға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеді.
«Полиция қызметкерлері жұртшылықты және еріктілерді тарта отырып әлі іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді», - деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.