Бишімбаевтың сотында болған алқаби желіде пікір қалдырған

Адвокат әлеуметтік желі қолданушыларының алқабидің пікіріне жауап ретінде жазғандарын оқып шықты.

Бишімбаевтың сотында болған алқаби желіде пікір қалдырған
Жоғарғы сот
423

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғажымжанов сот отырысына қатысқан алқабилердің бірі заң бұзушылық жасағанын мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғазымжановтың айтуынша, ол жақында әлеуметтік желідегі жазбалардың астынан №4 алқабидің жазған пікірін көріп қалған. Ол өз аккаунтынан пікір қалдырып, сотта алқаби болғанын айтқан.

«Мен сотта алқабилердің бірі болып таңдалдым. Сайлау әділ, ашық және бейтарап өтті деп нақты айта аламын», – деп жазған екен ол.

Адвокаттың айтуынша, пікірдің астына бірнеше желі қолданушы оны Бишімбаевтан ақша алды деп айыптап, қысым көрсеткен. Тіпті сотталушымен бірге темір тордың арғы жағында отыратынын айтып қорқытқан. Сондай-ақ желі қолданушылары оған өтініш жасап, басқа алқабилерге өз сөздерін жеткізуді сұраған.

«Егер олар сотта Бишімбаевты кінәлі деп тапса, олар үшін дұғада болатынын айтқан. Олай болмаса, оларды қарғаймын деген», – дейді Ерлан Ғазымжанов.

Сондай-ақ адвокат әлеуметтік желі қолданушыларының алқабидің пікіріне жауап ретінде жазғандарын оқып шықты.

«Түріңді көрсет. Бишімбаевтың ата-анасы қанша доллар төледі? Қызық. Бұл іс біткенше қаншалықты байиды екенсің?», «Адастырмаңыз, әйтпесе дәл сол жерде, Бишімбаевпен бірге отырасың», «Бишімбаевтар сізге қанша төлегенін білуге ​​бола ма? Сол қызық боп тұр», – деп жазған екен желідегілер.

№4 алқаби жазылған пікірлерге жауап беріп үлгерген.

«Мен неге айтпайды екенмін? Заң бойынша, бізді, алқабилерді БАҚ-қа көрсетуге тыйым салды. Алқабилердің бәрі – қарапайым адамдар. Көбі қарсы болды. Арамызда кішкентай баласы бар келіншек болды. Ол өзін жіберуді сұрап еді, сот жібермей қойды. Мен де сіздер секілді істің әділ өтетініне сенбедім. Бізді жай ғана таңдап ала салған болар, белгілеп алған соң жібере салады деп ойладым. Бірақ түрлі дәрежедегі және әртүрлі жастағы адамдардың арасынан іріктеп алғанда бәрінің әділ өтіп жатқанына көз жеткіздік. Мені таңғалдырғаны, сот та, Бишімбавтар отбасы да бізге қысым көрсеткен жоқ. Бірақ Бишімбаевтың анасы бізге қадала қарап отырды», – деп жазған екен алқаби.

Сонымен қатар Ғазымжановтың айтуынша, алқаби сот сарапшысы Тахир Халимназаров пен марқұмның ағасы Айтбек Амангелдінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазылған.

«Олар өз кезегінде Қуандық Бишімбаевқа қарсы жазбалар жариялады. Бұл алқабилердің пікіріне әсер етуі мүмкін. Алқабидің бұл заң бұзушылық әрекеті бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға негіз болады», – дейді адвокат.

Серіктес жаңалықтары