Air Astana танымал музыкант Ерлан Көкеевтің жүгін жоғалтып алды

Air Astana жәбірленушіден өтініш қабылдағанын және қазір гитарасалынған қораптың іздестіріліп жатқаны мәлімдеді.

Air Astana танымал музыкант  Ерлан Көкеевтің жүгін жоғалтып алды
коллаж: Тurkystan.kz
616

Air Astana әуе компаниясының өкілдері танымал музыкант Ерлан Көкеевтің жүгін жоғалту фактісін растады, деп хабарлады turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Air Astana жәбірленушіден өтініш қабылдағанын және қазір гитарасалынған қораптың іздестіріліп жатқаны мәлімдеді.

«Бүгінде авиакомпания бақылау камераларының жазбаларын пайдалана отырып, жүкті іздестіруде. Біз гитараны табу үшін бар күшімізді саламыз», - деп хабарлады Air Astana өкілі агенттік тілшісіне.

Айта кетсек, музыкалық аспаптың жоғалғаны туралы Ерлан Көкеев әлеуметтік желіде хабарлады.

Оның айтуынша, Өскеменде ұшаққа мінер алдында жүк тапсырған, алайда, Алматыға қонғанда гитарасын таппаған.

Музыканттың айтуынша, мұндай оқиға бірінші рет болып жатқан жоқ және барлық жағдай Air Astana әуе компаниясына қатысты.

Серіктес жаңалықтары