5388
«Ешкімге керек емес екен»: Бишімбаев апелляциялық сот отырысында сөз сөйледі
Ол адвокаттарын қолдайтынын айтты.
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша сот отырысының екінші бөлімінде экс-министр сөз сөйледі.
Алайда Бишімбаев сөзін небәрі 42 секундта аяқтады. Азаматтық әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр оған негізгі сот талқылауы кезінде өзін қорғауға мүмкіндік берілмеді деп санайды.
«Айтылғанның бәрін мен қолдаймын. Маған дәлел келтіруге мүмкіндік берілмеді, мен бұл туралы сот барысында бірнеше рет айттым. Маған іс материалдарымен нақты танысуға рұқсат етілмеді. Рас, мен мұны түсіндім, ешкімге шешім қажет емес, алдын ала шешім қабылданып қойған», - деді ол.