Еркін Нұржанов әлемге әйгілі боксшының алдында ән шырқады

Әнші Еркін Нұржанов спорт шебері, кубалық боксшы Алексис Рубалькабамен кездесті.

Еркін Нұржанов әлемге әйгілі боксшының алдында ән шырқады
Фото: https://www.instagram.com/erkin_nurjanov_official/
494

Кездесу Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің шаңырағында болған, деп жазды turkystan.kz.

“Абадандар арасында ағаларыма құрмет көрсетіп келіп қалдық. Кешкісін шаңырағында керемет сұхбат болды. Мұхтархан аға айтпақшы құрметті қонақтың тілін білмесек те жүрекпен сөйлестік. Сиднейде қазақтың намысын жыртқан Мұхтархан ағамыз және Алексис Рубалькабаның рингте қарсылас болғанымен өмірдегі достықтары бір төбе екен. Мұхтархан аға, мен сіздің орныңызда болсам, “олимпиада жақсы ғой, бірақ, денсаулық та керек” деп жекпе-жекке шықпай қалар ма едім. Батырсыз!”, – деп жазды әнші. 

Серіктес жаңалықтары