Светлана Жақыпова кей түлектерді әскерден босатуды ұсынды

Сонымен қатар ол еліміздің колледждерінде сержанттар дайындауға болатынын жеткізді.

Светлана Жақыпова кей түлектерді әскерден босатуды ұсынды
istockphoto.com
453

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы техникалық мамандардың тапшылығын еңсерудің жолы ретінде оларды әскерден босатуды сұрады.

Сонымен қатар ол еліміздің колледждерінде сержанттар дайындауға болатынын жеткізді.

«Техникалық мамандықтар бойынша оқу орындарын бітірген адамдарды әскери борышын өтеуден босату туралы мәселені қарастыруды және колледждерде сержанттар құрамын даярлауға және әскери даярлықтан өтуге бағытталған әскери кафедралар ашуды ұсынамын», – деді Светлана Жақыпова үкімет отырысында.

Ол сондай-ақ халықаралық келісімшарттар бойынша шетелде жұмыс істегісі келетін жастарға дайындық курстарын ұйымдастыру орталықтарын ашу жоспарлары туралы айтты. Мұндай орталықтар ШҚО, Түркістан және Алматы облыстарында ашылмақ.

Серіктес жаңалықтары