«Әркімге бір тимегенің үшін»: Дина Төлепберген анасы жайлы жазба жариялады

Танымал журналист жақын жандарға жиі жылы сөз айту керегін еске салды.

«Әркімге бір тимегенің үшін»: Дина Төлепберген анасы жайлы жазба жариялады
видеодан алынған скрин
1185

Тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында анасы жайлы жантебіретерлік жазба қалдырды, деп жазды turkystan.kz.

"Рахмет саған, мама!
Әркімді бір сүймегенің үшін,
Әркімге бір тимегенің үшін,
Ұрпағың үшін үнемдеп, қымбат киім кимегенің үшін!
Рахмет саған, мама!
Маған бәрін әпергенің үшін,
Мінезімді көтергенің үшін,
Он екі мүшемді сау қылып, дүниеге әкелгенің үшін!
Рахмет саған, мама!
Кінәм болса, кешіргенің үшін,
Ауыр бейнет кешіргенің үшін,
Ауырмайтын, аман-сау адам қылып өсіргенің үшін!
Рахмет саған, мама!
Сенің әрбір жылағаның үшін,
Жоқтан барды құрағаның үшін,
Бақыты үшін балаңның барлығына шыдағаның үшін!
Рахмет саған, мама!
Арсыз іске бармағаның үшін,
Түсік жасатып алмағаның үшін!
Біздерді ойлап, шырылдап, бар өміріңді армағаның үшін!
Рахмет саған, мама!
Менің балаларымның атынан, 
Бұрынғы ата-бабамның атынан,
Жеті миллиард адамның атынан,
Он сегіз мың ғаламның атынан,
Рахмет саған, мама!

Аналарымызды аялайық, бағалайық...
Кейде жақын жандарға "Рақмет", "Мен сізді жақсы көремін" деген сөздерді айту қиынға соғады.
Бүгін оқырмандарымның ойындағысын осы өлеңмен жеткізгім келді.
Ал, достар... Осы мезетті пайдаланып асыл аналарымызға тамаша туындыны жіберіп қояйық.
Перзентті өсіретін, асқақтататын ананың алғысы, разылығы...
Ал сіздің ойыңыз қалай?" - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары