«Ақшаның бәрі тойда»: Динара Қырықбаева 15 жылдан кейін сахнаға оралды

Динара Қырықбаева Алматыда «Бағала» атты әніне бейнеклипін көрермен назарына ұсынды.

«Ақшаның бәрі тойда»: Динара Қырықбаева 15 жылдан кейін сахнаға оралды
Сурет: instagram.com/kyrykbayeva
672

Әнші Динара Қырықбаева сахнаға 15 жылдан кейін оралып, «Бағала» атты әніне бейнеклиптің тұсаукесерін өткізді. Журналист Анна Данченконың YouTube каналына берген сұхбатында ол алдағы жоспарын ортаға салды.

Тұрмысқа шыққалы сахнадан біршама алыстап қалған ол бес жыл бұрын ажырасқанын мәлімдеген болатын.

«2000 жылдары бастадым. 5 жыл той ұйымдастырып жүрдім. 5 жыл бала-шағамен, отбасымен жүрдім. 5 жыл блогпен айналыстым. 15 жылдан соң сахнаға оралдым», – дейді Д.Қырықбаева.

Әнші негізінен концерттерге қатысуға тырысатынын, алайда тойға да шығатын ойы бар екенін айтады.

 «Жалпы, мен той әншісі емеспін. Жақындарым сұрағанда тойға барамын. Мен сахнаның әншісі болғым келеді. Бірақ енді ақшаға да жоқ демейміз. Жақсы тойлар шықса, мүмкін шығып қаламыз.

...Тойға да шығу керек. Ақшаның бәрі тойда. Сондықтан ойланамыз», – дейді әнші.

Серіктес жаңалықтары