374
Су тасқыны кезінде қаза тапқан құтқарушыға «Ерлігі үшін» медалі берілді
Қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан Рақым Балдановты еске алуға арналған жиын өтті.
22 маусымда Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны кезінде қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан Рақым Балдановты еске алуға арналған жиын өтті.
Жиынға ТЖМ аппарат басшысы азаматтық қорғау полковнигі Ерғали Бахаев және департамент қызметкерлері мен марқұмның туыстары қатысты.
Аталған шара 1 минут үнсіздікпен қаза тапқан құтқарушыны еске алумен басталды.
Шара барысында Ерғали Бахаев ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтың атынан қайғырып көңіл айтып, №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау прапоршигі Бекжан Балдановтың туыстарына қызметтік және азаматтық борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ төтенше жағдайда көрсеткен «Ерлігі үшін» медалін табыстады.