Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 190-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен бас жүлдені сарапқа салды.
Бір сағат 27 минутқа созылған матчта Путинцева 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Томлянович 4 эйс, 2 брейкпен шектелді.
Осылайша Юлия Путинцева алғаш рет көгал төсенішіндегі WTA жарысында топ жарды.