«Қазақтың «Ақ Баяны» атанған әнші өмірден өтті

Әнші Баян Сағымбаева өмірден өтті.

«Қазақтың «Ақ Баяны» атанған әнші өмірден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Баян Сағымбаева өмірден өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Қаралы хабарды Абай облысының Мәдениет басқармасы таратты.

"Қазақтың “Ақ Баяны” атанған әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Баян Сағымбаева өмірден өтті.  Баян Сағымбаева 1951 жылы 14 наурызда Абай ауданында туған. 16 жасында М.Әуезовтің «Қаракөзінде» Қаракөз рөлін ойнап танымал болды. Бүкілодақтық байқауға қатысып, Б.Майлиннің «Жалбыр» пьесасында Қадишаның рөлін сомдады. «Қазақконцертте» еңбек етіп, қазақ өнерін шет мемлекеттерде паш етті. Бүкілодақтық жастар сыйлығының иегері, Абай ауданының Құрметті азаматы. Өмірінің соңына дейін Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясында қызмет етті. Марқұмның отбасына, жақындарына, өнердегі әріптестері мен достарына қайғырып көңіл айтамыз", - деп жазылған хабарламада.